О,ТЕҢІЗ,ТЕҢІЗ,КӨК ТЕҢІЗ
Қанатын серпіп шағала…
Толқының тасып жағаға,
Желкенін керіп, желпітіп ,
Ақ кемең ұзап бара ма…
Жетіп ем… енді жағаңа.
О, теңіз, теңіз, Көк теңіз!
Салмап ем саған көптен із.
Нәп-нәзік сырын жанымның,
Самал боп тербеп,еппен үз…
О,теңіз,теңіз , Көк теңіз!
Сәулесі айдың шағылып…
Жұлдыздан шырақ жағылып,
О,теңіз, бұлды бұйымың , —
Су-моншақ мөлдір тағынып,
Қауыштым…әбден сағынып.
Сағынтып үнің… жүр едім,
Кеудеме сыймай жүрегім.
О,теңіз — терең телегей,
Өзіңнен күш ап, түледім,
Көңілді … күйге бөледің!
О,теңіз,теңіз, Көк теңіз!
Салмап ем саған көптен із.
Нәп-нәзік сырын жанымның,
Самал боп тербеп,еппен үз…
О,теңіз, теңіз, Көк теңіз!
@ Базархан Жанғожаева