27.3 C
Шымкент
10-Сентябрь, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірэкономика

Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді. Президенттің «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығының орындалу барысы қаралды.

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету, орта бизнестің ЖІӨ-ге үлесін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мемлекеттің экономикаға қатысуын тек әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық секторлармен шектеу жоспарлануда.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттің қатысуымен жекешелендіруге, біріктіруге немесе таратылуға жататын 475 кәсіпкерлік субъект тізімі бекітілді. Жұмыс 2030 жылға дейін кезең-кезеңімен іске асырылады, бұл ретте кәсіпорындардың жартысынан көбі 2025-2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына енгізілген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Дина Төлепбергенге қатысты

redaktor_qazyr

Шерзаттың әпкесі Бақыт Реимова Қазақстанда қалуы мүмкін

redaktor_qazyr

Астана қаласында қытай көпфункционалды орталығы ашылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz