ОПЕРАЦИЯ «МАРКЕТ — ГАРДЕН»
(1944 ЖЫЛ)
Голланд операциясы Маркет — Гарден (қазақшасы «Бақша») – 1944 жылғы 17 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында Нидерланды мен Германияда Одақтастардың жүргізген әскери операциясы. Операция барысында тарихтағы ең ауқымды әуе десанты жасалды. Операция жоспарын құрған ағылшын (фельдмаршал) Бернард Лоу Монтгомери ал оны АҚШ — тың құрлықтық әскерiнiң жоғарғы бас қолбасшысы Дуайт (Айк) Эйзенхауэр жүзеге асырды. Одақтастардың жоспары солтүстікке қарай Арнем аймағына жылжып Төменгі Рейн бойындағы Ваал және Маас көпірлерін басып алу сондай-ақ Зигфрид сызығын айналып өту арқылы Германияның өнеркәсіп орындарына жету болды. Ең маңыздысы Голландия порттарын басып алу әскерді қажеттi ресурстармен қамтамасыз ету көзделді. Одақтастардың ілгері жылжып келе жатқан механикаландырылған бөлімдеріне кем дегенде тоғыз су бөгетін кесіп өтіп Неерпельт қаласынан Арнемге дейін жүз шақырымдай жерді еңсеру керек болды. Ыңғайлы болу үшін бүкіл дәліз үш секторға бөлінген олар осы секторларда орналасқан ірі қалалар — Эйндховен Неймеген және Арнем атауларымен аталды. Олардың әрқайсысы парашюттік дивизиялардың біріне айналды.
Ал немiстер жағы Одақтастардың (Fatherland) яғни Германия жеріне кіруіне жол бермеу үшін керi шегiнiп бара жатқан бөлімдерді қайта жинап Рейн өзенінiң бойында қорғанысқа көшті. «Маркет» деп аталатын жоспарға сәйкес десантшылар Нидерландының оңтүстік — шығыс бөлігіндегі Эйндховен — Арнем бөлігіндегі тар жолмен түсірілiм жүргізу керек еді. Түсірiлiм жүргізу аймағы мен алдыңғы шептің арасы 60-90 км жер. Басты мақсат — Доммель Аа өзендері арқылы Вильгельмина каналы Маас-Ваал каналы және одан әрі Рейнге өтетін барлық көпірлерді басып алу. 30-шы корпустың негізгі күштері десанттық күштермен қосылу үшін Эйндховен Неймеген және Арнемге дейін алға жылжуы керек болды.
Негізгі операцияның стратегиялық мақсаты – елдің солтүстік-батысы арқылы Германияға басып кіру жүзеге аспай қалды. Дегенмен операция Одақтастардың құрлықтық күштерінің Нидерланды аумағына айтарлықтай қашықтықта жылжуын қамтамасыз етті. АҚШ-тың 101-ші және 82-ші әуе — десанттық дивизиялары көпірлерді басып алу арқылы бұл ілгері жылжуды қамтамасыз етті. Бірақ ағылшын және поляк десантшылары басып алған Арнемдегі көпір шын мәнінде одақтастар үшін «тым алыс» болғандықтан Арнем неміс әскерлерінің қолында қалды.
Ақыры 1944 жылдың қыркүйегіндегі Голланд операциясы стратегиялық сәтсіздікпен аяқталды. Кейін Монтгомери өзінің соғыстан кейінгі естеліктерінде: «1944 жылы тамызда Нормандиядағы тамаша жеңістен кейін жақсы операциялық жоспар жасай алмағанымыздан бiз Берлиннен айырылып қалдық» деп мойындады….
Материалды орыс тілінен қазақ тіліне аударған Қуаныш Нұрпейсов ( тарихшы)
Дереккөз:https://dzen.ru/a/XtaVdCb1V3Q0YRRY