Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы жазғы чемпионаттарының бірінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтады

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасы жазғы чемпионаттарының бірінші кезеңінің жеңімпаздарын анықтады

Биыл Түркістан қаласында ХХХ-ерлер мен Х — әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаттары өтуде. Жарысқа еліміздің облыстары мен қалаларынан өз өңірінің намысын қорғауға келген 340 спортшы қатысады, сондай-ақ чемпионаттарға Өзбекстан Республикасының ерлер мен әйелдер құрама командалары және Қырғыз Республикасынан келген спортшы бақ сынауда. Бірінші жарыс күні чемпионат шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 2 және 4-қаббаттарына көтерілу бойынша өтті.

Жарыстың бірінші күнінің қорытындысы бойынша спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

«Шабуыл сатысымен көтерілу» дисциплинасында командалық есепте орындар:

Ерлер арасында
1 орын-Ақмола облысы ТЖД құрама командасы
2 орын – Астана қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын – Алматы қаласы ТЖД құрама командасы

Әйелдер арасында:
1 орын-Астана қаласы ТЖД құрама командасы
2 орын-Шымкент қаласы ТЖД құрама командасы
3 орын-Қостанай облысы ТЖД құрама командасы

Жеке біріншіліктегі орындар:

Ерлер арасында
1 орын-14,14 секунд нәтижесімен Буторин Николай, ШҚО
2 орын-14,4 секунд нәтижесімен Қайсарбеков Жасұлан, СҚО
3 орын – 16,45 секунд нәтижесімен Мұхамедали Асхат, Ақмола облысы

Әйелдер арасында:
1 орын — 07,72 секунд нәтижесімен Подгородецкая Кристина, Астана қаласы
2 орын-08,73 секунд нәтижесімен Юсупова Майсара, Өзбекстан Республикасы
3 орын — 09,08 секунд нәтижесімен Сыромяжко Юлия, Астана қаласы

10 қазан күні «Түркістан арена» стадионында чемпионаттардың екінші кезеңі 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Жемқорлыққа төзбеушілік – әрқайсымыздың міндетіміз» – Елнұр Бейсенбаев

redaktor_qazyr

Шымкентте «Самал» базарының маңында өрт шықты

redaktor_qazyr

Антон Лапенко мен Maul Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz