Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Орта жүз

Шежіре бойынша Орта жүз құрамы 6 рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ т.б. ғалымдар еңбектерінде баяндалады. Бұлтайпалар өз ішінде руларға бөлінеді.Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім), қыпшақ: қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ; найман: терістамғалы, сарыжомарт (ергенекті), төлегетай, сүгірші; қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген.

Ұқсас жаңалықтар

Лимонның қандай пайдасы бар?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Күнге күюден қалай сақтанамыз?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz