Мәдениет

Отан туралы мақал-мәтелдер

Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

***

Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.

***

Туған жердей жер болмас,

туған елдей ел болмас.

***

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

***

Кісі елінде сұлтан болғанша,

өз еліңде ұлтан бол.

***

Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

***

Отанды сүю — от басынан басталады.

***

Отан оттан да ыстық.

***

Отанға опасыздық еткенің,

өз түбіңе өзің жеткенің.

***

Туған жерге туың тік.

***

Ат үйірін сағынса, артқы аяғын қағынар,

ер үйрін сағынса, айыл-тұрман тағынар.

***

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

***

Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас,

үйірінен қаңғыған тұлпар оңбас.

***

Құлан өз қағынан өзі жерімес.

***

Бейбіт елде береке бар.

***

Туған жердің жуасы да тәтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ғабит Мүсірепов

Redaktor Site

Журналист,тележүргізуші Бейсен Құранбектің 8 қағидасы

redaktor_qazyr

Есенғали Раушанов

Redaktor Site

Пікір жазу