Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
***
Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
***
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
***
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
***
Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.
***
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
***
Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
***
Өз жұрттың — күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
***
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
***
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
***
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
***
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
***
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
***
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
***
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
***
Ағаның үйі – ақ жайлау.
***
Ұл – қоныс, қыз — өріс.
***
Ұяты жоқ — ұл жаман,
Қылығы жоқ — қыз жаман.
***
Балам – балым, баламның баласы – жаным.
***
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.