1. Жаныңызда тек ұлы мақсаттарға жетелейтін адамдар болсын.
2. Бүгін өзгелері жасай алмайтынды жасаңыз, сонда ертең өзгелері жете алмаған табысқа жетесіз.
3. Жаныңда жүрген кезде өзіңізді барынша еркін ұстай алатын адамды жолықтырсаңыз, оны ауадай бағалаңыз.
4. Сізге пойызыңыз кетіп қалды десе, ұшақтар мен кемелердің барын ұмытпаңыз.
5. Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.
6. Еш уақытта ақталмаңыз. Мейлі сүйген адамыңыз болсын, ақталмаңыз. Сізді жақсы көрмейтін адам қаралау үшін көп нәрсені ойлап табады.
7. Сіз туралы өсек сөз тараған болса, қуаныңыз. Өйткені сіз – тұлғасыз. Жаманды ешкім де аузына алмайды. Тек жақсыларға ғана көреалмаушылық танытып, сыртынан өсектейді.
8. Әйелді бақытты қыла алмайсыз ба? Онда өзге біреуге кедергі жасамаңыз. Джейрард Батлер
9. Мықты адамдар ғана кешіре алады. Әлсіздер мәңгілік кек сақтап өтеді. Махатма Ганди
10. Әйел заты мықты, батыл да батыр, айтқан сөзінен қайтпайтын ерлерді ұнататындықтан, соңына дейін күресіңіз. Олар бір жанжалға бола кетіп қалатындарды ұната бермейді.
Алдыңғы
Келесі