Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Пендеміз

Сен де, мен де пендеміз,
Бір Алладан өзгеміз,
Дәмін татып жалғанның
Қайту үшін келгеміз…

Билік, мәнсап, төрге біз,
Отырып та көргеміз.
«Дүние жалған екен» деп,
Айту үшін келгеміз.

Алақаптай кеудеміз,
Тоқтамаймыз сөзге біз.
Пенде емес, Құдаймын,
Дегенге де төзгеміз.

Топырақ толмай көзге біз,
Тоймасын да сезгеміз…
Өрлеңіз, мейлі төрлеңіз,
Ешкімге төрді бермеңіз.
Кірмейтіндей көрге біз,
Асқақтаған бекзаттың,
Талайларын көмгеміз.

Ұқсамаймыз… өзгеміз,
Ергіштеуміз сөзге біз.
Салт-дәстүрді жатсынып,
Тілден, діннен безгеміз.

Байлықты мейлі көздеңіз,
Әлемді билеп ерлеңіз,
Ұмытылмас есімің
Деген сөзге сенбеңіз.

Бас иіп жасың, кәрің де,
Алладан келген әмірге,
Таяды бағың, әрің де,
Топыраққа айналар,
Топырақтан келген тәнің де…
Уақыт деген өшіргіш,
Өшіреді бәрін де.
Өлмейтіндей талтаңдап,
Жүре тұр пендем әзірге,
Жүре тұр …

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Фариза Оңғарсынова- сағынбайсың ба?

redaktor_qazyr

Жандарбек Бұлғақов — Қазақ бүгін бөлініп қырық руға

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz