Qazyr.kz
БілімМәдениет

Пиццаның шығу тарихы

Көпшіліктің сүйікті тағамы пицца бiзге ежелден жеткен. Ежелгі адамдар тасқа және шоққа таба нан пісірген. Уақыт өткен сайын нанды зәйтүн майына пiciрiп кейін үстіне шөптер сеуіп маусымға қарай әр түрлі көкөністер қосып дайындаған. Бұл тамақты үйден алыс жерде жеу ыңғайлы әрi тойымды саналды.

Кейбір зерттеушілердің айтуынша этрускiлер тайпасы таба нанды қалқандарына пiciрiп таба нанға iрiмшiк пен құрма қосқан. Ал ежелгі мысырлықтар б.з.б 6 мың жыл бұрын ашытқы пайда болғаннан бастап таба нанды ашытылған қамырдан дайындаған.

Уақыт өте келе бұл тағамның қоспасы Ежелгі Греция мен Римге жетті. Ол жақта таба нан қазiргi пиццаға ұқсас келеді. Оған түрлі дәмдеуіштер көкөністер зәйтүн майы iрiмшiк және ет қосып дайындаған. Қоспаларды шикі қамырға қосып үстінен зәйтүн майын құйып содан соң пеште пiciрген. Ежелгі Грецияда V ғасырда оны «plakuntos» деп атады. Бұл тағам атауын ежелгі грек философтарының еңбектерінен кездестіруге болады.

Ұзақ уақыт бойы бұл таба нан кедейлер мен орта таптың тағамы болып келген. Алайда бұл текті адамдардың арасында да кең қолданылды десе де қоспасы оның әдеттегіден өзгеше болған.

Кейде пиццаға бал және лавр жапырағын қосып пiciру әдiciн де қолданған. Әдетте бұл рецептіні римдіктер қолданған. «Picea» деп аталатын таба нан римдіктерге гректерден емес Палестинадағы римдік легионерлерден келген деген де нұсқа бар.

Ал кейбір зерттеулер пиццаға ұқсас таба нанды викингтер пiciргенiн көрсетеді. Викингтер де қамырға көкөністер балық немесе ет қосып дайындаған. Бұл тағы да тағамды дайындаудың жеңілдігі мен әмбебаптылығын көрсетеді.

Уақыт өте келе пицца бiзге әдеттегі түріне ұқсас болып кетті. XVI ғасырда Еуропаға қызанақтар әкеле бастағаннан кейін еуропалықтар оны қамырға қоса бастады. Ал кейінірек XVII ғасырда пиццайоло деген мамандық пайда болған. Ол қазiр де бар. Пиццайоло дегенiмiз — портты қалада теңіз өнімдерінен пиццаны пiciретiн аспаз. XIX ғасырда арнайы пештері мәрмәр үстелдері мен орындықтары дайын пиццалары бар пиццериялар пайда болды.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Отбасындағы жоқшылық пен кедейліктен құтылу үшін оқылатын дұға

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ақ қызға

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты