-3.7 C
Шымкент
31-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев екі ел арасындағы достық пен татулықты нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Ресей президенті Владимир Путиннің былтыр 27 қарашада Астанаға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың өзекті екенін атап өтті.

«Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын», – деді президент.

Мишустин мемлекет басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайын екенін мәлімдеді

«Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген», – деді Ресей үкіметінің төрағасы.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 30 сәуірден бастап ЭЦҚ өзгертіледі

redaktor_qazyr

STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

redaktor_qazyr

Арыс аудандық полиция бөлімі бастығы Бауыржан Қуатов,әкім орынбасары Рысдаулет Айтбаевтың қатысуымен жастармен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz