Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Президент кеңесшілерін ауыстырды

Болат Ақшолақов Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Qazyr.kz.

 «Мемлекет басшысының өкімімен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003-2006 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор болды.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, «PSA» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.

2012-2014 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылғы қыркүйектен бастап AlmexPetrochemical ЖШС бас директоры болды.

2016 жылғы ақпаннан бастап «KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры болып жұмыс істеді.

2019-2021 жылдары Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.

2021 жылғы сәуірден 2022 жылғы қаңтарға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен ҚР энергетика министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

 

Болат Ақшолақовтың орнына Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Тұран университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2001 жылдары Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы.

2001-2002 жылдары MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері.

2002-2004 жылдары Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері.

2004-2007 жылдары «MI Drilling Fluids International» Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері.

2007-2010 жылдары «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

2013 жылғы қазаннан бастап ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылғы тамыздан бастап ҚР энергетика вице-министрі.

2019 жылы экология, геология және табиғи ресурстар министрі болған.

2021 жылғы 9 қыркүйек пен 2022 жылғы 13 қаңтар аралығында энергетика министрі қызметін атқарды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2022 жылғы сәуірде тағайындалған болатын. Бұл қызметінен 2024 жылы кетті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыс: 7 жасар жоғалған бала табылды

redaktor_qazyr

Шымкентте автобустарда жол ақысын төлеу тәртібі өзгереді

redaktor_qazyr

Арыста мектептен үйіне қайтар жолда адасып қалған оқушы қыз табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz