16.3 C
Шымкент
16-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарСаясат

Президент министрлер мен басшыларды бірқатар міндеттерді назарда ұстауды тапсырды

– Алдымызда тұрған мақсаттар өте маңызды. Ең бастысы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын мұқият бақылауда ұстау қажет. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – реформалардың тиімділігін арттыру. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды осы жұмысты қадағалайды. Министрлер де, әкімдер де батыл шешім қабылдауға дайын болуға тиіс. Мен осыған дейін Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша барынша дербес шешім қабылдануға тиіс. Нақты нәтижелерді талап етемін, – деді Мемлекет басшысы.

Президент министрлер мен басшыларды бірқатар міндеттерді назарда ұстауға шақырды.

– Біз қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларға, цифрландыруға, жасанды интеллект пен ядролық энергетикаға баса мән беріп жатырмыз. Себебі мұның бәрі – мемлекетіміздің негізгі стратегиялық даму бағыттары. Үкімет осы маңызды мәселелерді жұмыс барысында міндетті түрде ескеруге тиіс, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамыту перспективасына да тоқталды.

– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Олардың саны тіпті үшеу болуы да мүмкін. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

,

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады

admin_qazyr

БҚО-да үйіне кеш келген әйелін күйеуі пышақтап өлтірді

redaktor_qazyr

«Ашу үстінде видеосын таратып жіберген, алайда балалар заттардың ақысын төлеген»Монтайтастағы дүкенде болған оқиғаға полиция жауап берді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz