Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратҚазірСаясат

Президент Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Президент Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады,деп хабарлайды Qazyr.kz Aqorda-ға сілтеп.

Жеңіс Қасымбек:

Елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді:
– қаланың барлық экономикалық көрсеткіші бойынша оң динамика байқалады;
– биылғы 9 айда тартылған инвестиция көлемі 1 триллион 140 миллиард теңгені құраған. Бұл – 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16 пайызға жоғары;
Жылыту маусымы жөнінде баяндады:
– былтыр «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциясын, «Тұран» газ жылу станциясы мен үшінші жылу электр орталығының бірінші кезеңдерін пайдалануға беру нәтижесінде қалада жылу қуаты алғаш рет артығымен өндіріле бастаған. Аталған нысандар Астананы 1100 Гкал/cағаттан астам жылу қуатымен қамтамасыз еткен;
– жыл соңына дейін «Тұран» газ жылу станциясының екінші кезеңін аяқтау жоспарланып отыр. Сол кезде шаһарға қосымша 250 Гкал/сағат жылу беріледі;
– қазір жалпы қуаты 970 Гкал/сағат болатын «Тельман» газ жылу станциясын салу және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу станциясын жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр;
Әлеуметтік нысандар (мектеп, қолжетімді баспана, медициналық мекемелер) салу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтау, тозығы жеткен апатты үйлерді бұзу жөнінде айтты:
– Астанада жаңа оқу жылына жоспарланған 24 мектептің 15-і пайдалануға берілген. Оның ішінде 9 білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген;
– жаңа жылға дейін 4,5 мыңға жуық орынды қамтамасыз ететін 6 студенттік жатақхана салу жоспарланған болатын. Бүгінде оның төртеуіне студенттер орналасқан;
Елордада 170-ке тарта аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып, 70-тен астам көше жөндеуден өткен. Сондай-ақ миллион түп ағаш пен жасыл желек егу жоспарланып отыр.

Президент елорданы одан әрі дамыту, көлік инфрақұрылымын нығайту және көріктендіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қоянның ыстық қанының пайдасы

redaktor_qazyr

Ауғанстанда әйелдерге қоғамдық орындарда сөйлеуге тыйым салды

redaktor_qazyr

«Монтайтаста ауыз су жоқтығы» туралы хабар таратқан журналистерге, әлдекімдер «Мақаланы өшір!» — деп сес көрсетіп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz