Qazyr.kz порталы
Қазір

Президент Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

QAZYR.KZ:

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!

Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке.

Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі. Сондықтан біз бірлігімізді нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз керек. Бұл –  әрбір азаматтың мәртебелі міндеті әрі перзенттік парызы.

Ел бірлігі, әсіресе, қиын-қыстау сәттерде сыналады. Биыл біз бұрын-соңды болмаған «алапат тасқынмен» бірлесе күресіп жатырмыз. Әр азаматтың бір-біріне тілеулeстігі арқылы бүкіл ұлттың тұтастығын таныта білдік. Қазақстан халқы тарихтың күрделі кезеңінде жұрт болып жұмылып, табысқа жете алатынын тағы да дәлелдеді.

Халқымыз жасампаздық пен жаңашылдық, еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерінің арқасында өсіп-өркендей береді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!

Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанға дүниежүзі қолөнершілері келді

admin_qazyr

Антон Лапенко мен Maul Comic Con Astana фестивалінде жанкүйерлерімен кездесу өткізді

redaktor_qazyr

Шымкентте зират маңынан қару-жарақ жасырылған орын табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz