Президент Тоқаев Президент Джоко Видодоны Индонезияның Тәуелсіздік алған күнімен құттықтады.Бұны Qazyr.kz хабарлайды.

Президент Индонезияның әлеуметтік-экономикалық бағыттағы зор жетістіктерін атап өтіп, екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін жеткізді.

Президент Тоқаев президент Джоко Видодоның барлық игі бастамасына табыс, ал достас Индонезия халқына бақ-береке тіледі.