Елімізде 28 қазанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау және докторантураға түсу емтихандарына құжаттарды қабылдау басталады.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Магистратураға кешенді тестілеуге тіркелу 10 қарашаға дейін,ал тестілеу қараша-желтоқсан айының аралығында өтеді.

Докторантураға түсу үшін үміткерлер ҚазТест және шет тілі бойынша сертификаттарын тапсырып, қараша-желтоқсанда айының аралығында емтихан тапсырады.

Құжаттарды қабылдау ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында өтеді.