«Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды.»,-деп хабарлайды QAZYR.KZ

Министрліктің хабарлауынша, «тұңғыш президент атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» атауы «ҚР Ұлттық қорғаныс университеті» болып өзгертілді.

«Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университетінің аумағында орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін Қарулы күштер Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды.

Фото: truestory.kz

Қазіргі уақытта ескерткіш қорғаныс ведомствосы ғимараттарының бірінде уақытша сақталуда тұр. Тиісті дайындық шараларын өткізгеннен кейін ескерткіш мұражай ғимаратына көшіріледі”