Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапары аясында еліміздің маңызды шекаралық инфрақұрылым нысандарының бірі – «Нұр Жолы» автомобиль өткізу пунктінің инфрақұрылымы және өндірістік қызметімен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz
«Нұр Жолы» өткізу пункті 2018 жылы пайдалануға беріліп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аясында салынған. Бұл нысан Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі шекаралық өткелдердің бірі болып табылады және Хоргос халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына тікелей қатынасты қамтамасыз етеді .
Өткізу пунктінің инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы жолақтар, ана мен бала бөлмесі, 250 шаршы метрден асатын күту залы, қоғамдық тамақтану орындары, Duty Free дүкені, санитарлық тораптар, сондай-ақ CIP және VIP залдары қарастырылған. Сонымен қатар, бұл өткізу пунктінде электронды кезек жүйесі енгізілген, бұл шекарадан өту процесін айтарлықтай жеңілдетеді .
Роман Склярдың сапары барысында өткізу пунктінің жұмысымен танысып, оның тиімділігін арттыру және жүк тасымалының өсуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта «Нұр Жолы» өткізу пункті арқылы тәулігіне шамамен 200 жүк көлігі өтеді, бұл көрсеткіш алдағы уақытта одан әрі ұлғайтылады.