Qazyr.kz порталы
Руханият

Сәбит Досанов

Сәбит Досанов – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.

Ол 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. 

Қаламгер Африкадағы Дүнду, Қазақстандағы Қостанай қалаларының, Ақсуат, Аманкелді аудандарының құрметті азаматы атанған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптары бар. 

1998 жылы мемлекеттік «Санат» баспасынан қазақ тілінде, ал 2003 жылы Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан орыс тілінде «Жиырмасыншы ғасыр» романы жарық көрді. 2002 жылы «Советский писатель» баспасынан таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарыққа шықты. «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек театрларында қойылды. 

Дереккөз: “Егемен Қазақстан” газеті

Ұқсас жаңалықтар

Өмір сабағы

redaktor_qazyr

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

redaktor_qazyr

Өлең: Кездесерміз мүмкін әлі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz