27.3 C
Шымкент
10-Сентябрь, 2025
Qazyr.kz порталы
Руханият

Сағындым сұр күзде

Сағындым сұр күзде

Жұлқынып соққан жүрегім,
Сүйеді сені бір тынбай.
Сағынып толар жарқырап,
Сыңғырлап күлген күлкіңді ай.

Жұлдызым менің жылтырап,
Көзіңдей сұлу аспанда.
Көңілді етті мұң тұрақ,
Үмітім тұра қашқанда.

Үнсіздік ұрлап ойларды,
Отырдық түнгі бақтарда.
Бұлақтар мұз ғып сайларды,
Айналды сұр күз ақ қарға.

Көктемді күтіп төзімде,
Дес бермей ызғар сезімге.
Дірілдеп жаным өзекте,
Тәтті қыз үшін езілме!

Сүйеді сені бір тынбай,
Үздіксіз соққан жүрегім.
Тоқтағанша ұмытпай,
Сағынып жүрем,білемін.

13.10.2016ж Алматы
Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Әбілқайыр ханның негізгі мақсаттары

Redaktor Site

Жуасқа күн жоқ!

redaktor_qazyr

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz