Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Сайрам ауданында 19 жастағы қызды,жүріп жүрген жігіті тістелектеп өлтіріп кеткен

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында 19 жастағы бойжеткенді өзінің жігіті зорлап,артынша өлтіріп кеткен.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.

30-шы маусым кешқұрым сағат 18:30 шамасында жұмысынан шыққан қыз, сол күйі үйге оралмаған.

Ол өзінің 1 жыл бойы жүріп жүрген жігітінің көлігіне мініп,сол жігіттің үйіндегі гаражға барған.Алайда марқұм бойжеткен сол гараждан тірі шықпаған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, жігіт қызымызды зорламақ болды, өйткені қыздың денесінде зорлық белгілері бар, бөкесі тістелген,денесі көгерген және мұрны сынған.

Ал жүріп жүрген жігіті мен оның туыстарының айтуларынша, «Қыз газға уланып жан тапсырды, біздің баламыздың кінәсі жоқ!»,- дейді.

Дәрменсіз қызымды зорламақ болып ұрып өлтірген қанішер қылмысын жасырмақ болып, туған ағасы мен әпкесін шақырып алып,жоспар құрған.Олар бірігіп мәйттің аузына газ жіберіп қорлаған.

«Біз сол күні кешке жігіттің үйіне жүз рет хабарласып қызымызды сұрадық, ал олар болса баласының ұйықтап жатқандығын айтып, қызымыздың қайда екенін білмейміз деп жауап берді.

Олар бәрін ұйымдастырып, бірнеше сағат өткеннен соң өздері жедел жәрдем шақырып, полицияға шақырған.Біз қызымызға осынша қорлық көрсетіп,өлтірген жігіттің жазадан сытылып кетпесе екен дейміз.»,- дейді марқұм 19 жастағы қыздың туыстары.

Ұқсас жаңалықтар

Бірінші курс студенттері қыркүйекте шәкіртақы алмайды

Redaktor Site

Шығыс Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Ермек Көшербаев тағайындалды

admin_qazyr

Иранда шахтада жарылыс болып, 51 адам қаза болды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz