Qazyr.kz порталы
ҚоғамРуханият

Сәлемдесе білесіз бе?

  Сәлемдесе білесіз бе?
Мұсылман елдерінде ер адам әйел адаммен қол алысып сәлемдеспейді. Бізде ше?
Әйелдер мен ерлердің қол алысып амандасуы Сол￾түстік Америка мен Шығыс Азияның кейбір аймақта￾рында да көп кездеспейді. Бірсыпыра батыс елдерінде адамдар алғаш кездескенде бір-біріне оң қолдарын ұсынады.
Арктика тұрғындары – эскимостар бір-бірімен кездескенде мұрындарын үйкелейтін көрінеді.
Намасте – үнді елінде амандық-саулық сұрасудың көп тараған түрі. Онда кездесіп қалған адамдар алақандарын
алақандарына тигізіп, одан кейін қолдарын кеуде тұсына апарады. Бұл ішкі емеурінді білдіретін дәстүрлі сәлем.Кейбір ел, кейбір халық әрқалай түсінетін қол алы￾судың «кілт» деп аталатын да түрі бар. Батыстықтар
үшін бұл – шынайылықтың белгісі. Ал, Азияның кейбір елдері үшін ол – агрессия…
Қоштасудың басқаша айтылуы, екібастан – «ал, жақ￾сы.» Сол «ал, жақсыны» соңғы кезде сүйісу алмастырып жүр. Көбіне-көп қыздар «ал, жақсы» ауыздарынан шы￾ғар-шықпастан былш-былш сүйісе бастайды. Ер адамдар әйелдердің қолының сыртынан, бетінен сүйеді.

Адамдар қарым-қатынасының жақындығын, сыйластығын білді￾ретін мұндай әдет, әлбетте, бұрыннан бар.
Соңғы кезде «ауада сүйісу» деген сәлемнің тағы бір түрі пайда болды. Бұл, негізінен, әзіл-қалжыңдары жа￾расқан құрбы-достар арасындағы «свежий» сәлем. Әдетте, кісі мен кісі қатты ренжіссе, қашан тіл табыс￾қанша бір-бірімен сәлемдеспеуші еді. Ал қазір, әсіресе,
қалалық жерде бір мекемеде күнде бірге қызмет істейтін
адамдар кейде бір-бірінен көңілдері қалмаса да, бір-бірімен жүз шайыспаса да жылы шыраймен сәлем￾деспейтін кездері ұшырасады. Үлкені де, кішісі де, ұлы да, қызы да мүлде танымайтын кісіше бетіңе қарап,жаныңнан өте шығады. Іштей налисың. Әдепкіде, бай￾қамай қалатын шығар деп ойлайтынмын. Жоқ, бұл олардың бойындағы күнделікті әдет, әбден қалыптасқан дағды секілді. Еш оғаш санамайды. Сол күні қайта бір
кездескенде түк болмағандай тіл қатысып жүре береді.

Қызық…. Ешқайсысына күнің түсіп тұрған жоқ, тіпті кейде мен де өздерінің істегенін өздеріне істесем бе деп
оқталамын, бірақ арым жетпейді. Қазақ деген атымнан ұяламын. Бала кезде ауылда алған тәлім-тәрбиемді
оларға ерегісіп тәркі еткім келмейді.
Ал, сәлем, сәлемдесу, сәлем беру – қазақ халқының адамгершілігі мен ұлттық тәлім-тәрбиесінің, кісілік
мінез-құлқының әліпбиі емес пе? Дала тарихында батырлар мен билер, ел ағалары мен бағландары орынды
жерінде жөнін біліп, сәлем бермегені үшін елдік пен достықтан кетіскен.
Қазақ кісіні сәлеміне қарап таныған. «Сәлемің түзу болмай, ісің түзу болмайды», «Сәлем – сөздің анасы»
деп әспеттеген. Сәлем бермеу мен сәлемді алмау күнәнің
ауыры.
Кісі бір-бірімен сөйлесу үшін, бір-біріне бұйымтайын
айту үшін әуелі сәлемдесуі керек қой. Бір-бірімен сәлемдеспей тіл қатысу ақылға сыймайтын нәрсе. Қазақ
халқында сәлемдесу – тұтас бір дәстүр, ұлттық қасиет.
Мен бала кезімде ынты-шынтысымен иіліп сәлем еткен
келіндерге ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелердің
бар мейір-ықыласын төгіп, жырдай қылып сәлем қайтарғанын, алғысын, ақ пейілмен батасын бергенін талай көрдім. Бұл еріккен адамның ермегі ме? Біздер, бала лар, алдыңнан қарсы жолыққанын былай қойғанда, сона-
дайдан көзге шалынған жасы үлкен кісіге сәлем беруге асығып жүгіре жөнелетінбіз. Тәрбие сондай, көрген-
білгеніміз осындай еді. Сәлемдескен кісің алысың болса –жақының, танысың болса – тумаң болатын. Сәлемдесу –татулықтың белгісі. Иманы бар, ұяты бар кісілердің
«кеше көшеде асығып бара жатыр едім, көп кісінің арасынан жыға танымай қалдым, пәленшекең емес пе екен,
жүріс-тұрысы соған ұқсады, сәлем бермей кеттім, ұят болды-ау, сәл кідіргенімде нем кетер еді, мен екенімді
білсе ертең өкпесі қара қазандай болады-ау, бір күні арнайы барып сәлем беріп, айыбымды өтемесем…» деген
сөздерін талай естідім.
Неткен ірілік! Неткен кісілік! Мұндай адамдардан садаға болмайсың ба! Осы арада сәлемге байланысты
бала кездегі бір жайт есіме түсіп отыр.
Бірде Нұрабай ата (аяғын сылтып басатын) мені көлдің жағасында жайылып жүрген ала сиырдың
бұзауын айдап әкелуге жұмсады. Сиыр есігінің алдында желіні сыздап, даланы басына көтеріп мөңіреп тұр.
Әншейінде жүгіруге сылтау таппай, зыр қағып құйындай жөнелуші ем, дәл сол сәтте қырсығым ұстады ма, әлде
алыссындым ба, сөзіне құлақ аспай жалт бұрылып, анадай жерде доп қуып жүрген балаларға қарай тарттым.
Бірақ бұл мен үшін төтенше оқиға болды. Ойнап та жарытпадым. Әбден берекем кетті. Содан қылмыс жасаған
кісідей Нұрабай атаның көзіне түсуге батпай, үнемі қашып жүретін болдым. Арада екі айдай уақыт өтті. Күз
кетіп, қыс түсті. Күн суық, борандатып тұрған. Бетім алмадай қызарып, көзіме қар тығылып, шұлғауым қамзау
болмай керзі етікті жалаңаяқ кигендей, ауылдан жарты шақырым жердегі бұлақтан иін ағашпен қос шелекті
меймілдетіп су алып келе жатқанмын. Кенет бір қораның бұрышынан қақырынып Нұрабай ата шыға келгені. Қалт тұра қалдым, шелектерім әлдебір бұталарға соғылып,суы төгілді де қалды. Мен иін ағашты жерге тастай салдым да, қолғабымды шешіп, қолымды жалма-жан
Нұрабай атаға ұмсындым. Іштей сәлемімді алмай қоя ма деген қорқынышым бар. Жоқ, ол жұмсақ алақанымен алақанымды қысып, жылытып тұрды. Маған қолымды
емес, жүрегімен жанымды жылытып тұрғандай болып көрінді. Емен-жарқын күліп, «Балалық жасаған шығарсың, баяғы ісіңді кешірдім, сәлем берем деп
суыңды төгіп алдың, өкінбейсің бе?» – деді. Мен «өкінбеймін» дедім қуанып. Мен мынау қыстың қақаған
бораны мен аязында бұлақтан жүз рет су әкелуге дайын тұрғанмын. Менің бала көңілім осы сәтте сәлемнің
қаншалықты құдіретті екенін ұғынғандай болдым. Мен
сәлем берудің өзі кешірім сұраумен бірдей екен-ау деп ойладым. Бұлай екенін білгенде, Нұрабай атаға күніне он рет сәлем беретін едім ғой…
Қазақ кісіге төбесінен ұрғандай қылып, әй жоқ-шәй жоқ, «сізде шаруам бар еді» демейді, сыпайылап «сізге
сәлем бере келдім» дейді, бұйымтайын сосын айтады.
Қанша іскер болсақ та, қанша уақыт тапшы болса да сәлеміміздің ұлттық бояуын жоғалтпағанымыз ләзім.
Қазақы сәлемнің қыр-сыры көп. Етжақын ағайындар,
шынайы дос кісілер күнде көріп жүрсе де жылдар бойы қауышпағандай құшақтасып амандасады.
Жасы үлкен, қамқор кісі інінің сәлемін ала отырып,ағалық пейілмен арқасынан қақса, бұл да жарасымды.
Бөтен үйдің босағасын аттаған жас келіннің беташар рәсімінде бүткіл тума-туысқанға иіліп сәлем айтып
тұрғаны ұлттық әдебіміз бен әдетіміздің ең шырқау шыңы десе де болады. Мұндай ғажайып салт басқа
халықтың ешбірінен ұшыраспайды. Таңданған мен сүйсінгеннен өзге ештеңе дей алмайсыз.
Қазақ иіліп сәлем беретін, еңкейіп сәлем алатын халық.
Сәлем де сәтімен. Сыйлы, ел аузында жүрген қадірлі кісілермен жүрдім-бардым сәлемдесу – әдепсіздік. Бая￾ғыда ондай қазақтарға сәлем беру, ақ батасын алу, жылы лебізін есту үшін тіпті айлап, жылдап дайындалған. Бұл
олардың өміріндегі ерекше сәт болып қалған. Ауыздан-ауызға беріліп, ұлағатты аңыз әңгімеге айналған.
Сыйлы, сырлас кісінің сәлемі төсек тартып жатқан кісіге шипадай әсер еткен…
Әлі есімде, студент кезімізде (70-ші жылдары) ауылға каникулға барғанда үйден бір шәй ішіп алып, туған туысқандарға сәлем беруге шығатынбыз. Әйтпесе олар
ренжитін, ықыласыңа орай «бала ғой» деп қарамай, олар
да құрақ ұшып күтетін… Сәлем беру татулыққа, ауыз￾біршілікке шақыратын… Қазір осынау қасиетті сәле￾міміздің де сыры мен сыны кете бастағандай. Ең басты-
сы, баяғыдай таза емес…
Сәлем де сауданың көзіне айналды. Пәленшеевичке
сәлем берейін деп қалтасын қомақтайтындар жиі ұшы￾расады.
Бастық пен бағыныштының арасындағы сәлемдесу –
адам қасіретінің көрінісі. Сәлем берген қарамағындағы
қызметшілеріне қолын теріс қарап тұрып ұстата салатын
кісілерді көзіміз көріп жүр.
Құйрық-жалы күзелген, жылуы-бояуы жоқ басқа тіл￾мен әлеміштелген «саламдар», «қал қалайлар» қазақы
сәлемімізді жұтаңдандырып барады.
Естігенде жүрегің ауырады….Шын сәлем – жан таза￾лығының айнасы…
Ғасырлар бойы кісілігіміз бен сыйластығымыздың
арқауы болып келе жатқан ұлттық шынайы сәлеміміздің
тағылымы мен тазалығынан айырылып қалмасақ етті…
Сейітқұл Оспанов.

Ұқсас жаңалықтар

Италия мафиясы: Коза-Ностра

Redaktor Site

Жамбыл Жабаев

Redaktor Site

Құдаша

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz