Бұрынғы адамдар үлкен, кіші демей өте ибалы, инабатты, ізетті көрінуші еді. Қазіргілердің бетінен бассыз-баусыз бейбастақтық білінеді. Не сөз ұқпайды. Әке-шеше, ел-жұрттан асып туған өңшең топастар екі айналса ақыл айтпақшы болады. Теріс айтсам кешірерсіздер. Кезінде адам ең болмағанда жамандығын жасырушы еді. Қазіргілер тәрбиесіздікті мықтылық көріп, мақтан тұтатын сияқты. Ұятқа қалып, құл болып, басындырып, намысынан айрылудан еш арланбайды. Бетпақтық, сумилық (дебилизм) трендге айналған сияқты.