Сапарғали Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген. Өмір жолын қара жұмысшы болудан бастаған. Кейін халық соты, саяси қызметкер болған. Бірақ нағыз мақсатты жолын жазушылықтан тапқан. 25 дастан, 12 повесть, он шақты драмалық шағын туынды, 50-ге тарта ән мәтіндерін жазған Сапарғали Бегалин халқына белгілі, білікті жазушы ретінде танылды. 20-дан астам балаларға арналған кітап жазған қаламгер қазақ балалар әдебиетінің негізін жасаушылардың бірі болды.
1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уезінде атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түркісіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды.
Дереккөз: “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы