Qazyr.kz
Qazyr.kz порталы
Мәдениет

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақ философиясының көрнекті өкілі Шәкәрім өз ұстазы Абай Құнанбайұлының философиялық көзқарастарын дамытты. Шаһкәрім (Шәкәрім)– Абайдың Құдайберді есімді ағасының 1858 жылы дүниеге келген мұрагері. Бауырының әруағына құрмет ретінде Абай жетім Шәкәрімді өзі тәрбиелеп, ақындығына қолдау көрсетіп, болыстық қызметке тағайындап, ағалық қамқорлығын аямаған. Абайдың кеңесімен Шәкәрім ілім іздеп, шет елге сапар шегіп, европалық философиямен танысып, өзіндік ой түйеді. Қазан төңкерісін қуана қолдаған ойшыл көп өтпей Кеңестік саясаттан көңілі қалып, шығармашылық жалғыздыққа бет бұрады. Жергілікті белсенділерге жақпаған оның ұлдары мен немерелері большевиктік түрмелерде көз жұмады, өзі де 73 жасында Кеңестік қоғамдағы асыра сілтеудің құрбаны болады. Шәкәрім шығармашылығы 1988 жылғы «Репрессия құрбандары туралы» заңнан кейін ақталды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы өз дәуірінің рухына сай терең де соны, гуманистік сипаттағы философиялық жүйе жасады.

Шәкәрімнің адам мәселесі жөніндегі өз ізденістеріндеқарастырған әдебиет, теоретикалық негізге алған ойлар мен авторлар көлемі мен деңгейін анықтауда «Yш анық» трактатының маңызы зор. Шәкәрім діни емес, философиялық мәселелерді қарастырды және адам мәселесін осы тұрғыдан шешті: адамға жұбанышты, мақтанышты, сүйінішті адамның өзінен тауып берді. Гуманистік дәстүрді жалғастыра отырып, өзі және ұлты үшіншартты дін – ұждан теориясын жасады.Алғашқы ұлттық философиялық жүйе болып табылатын эволюциялық-диалектикалық идеялар мен идеалистік бағыттағы Шәкәрім ізденістері XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстан философиялық ойында үлкен мәнге ие болды және оның дамуын бейнеледі.

Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылының атауының шығу дерегі

redaktor_qazyr

Аптап ыстықтан қалай сақтануға болады?

redaktor_qazyr

Жастар туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site
Qazyr.kz

Пікір жазу

Qazyr.kz

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты