Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шал ақын

Бір Құдайдан тілеймін ғұмырымды,
Ғұмыр берсең кірсіз қыл көңілімді.
Имансыздың көрінде от жанады,
Отқа салсаң көремін не күнімді?!

Бір Құдайдан тілеймін әуелі иман,
Иманымнан айрылсам көрге сыйман.
Бес уақыт намазымды қаза қылма,
Қарынбайды жер жұтты дүние жиған.

Бір Құдайдан тілеймін мал-басымды,
Мал менен қартайтып ал жүз жасымды.
Өлерімде аузыма иманым сал,
Білгенмін бұл өлімнен қалмасымды.

Бір Құдайдан тілеймін иман, ғақыл,
Ақылсыздан әрбір ісім өтті ғафыл.
Ораза ұстап, бес намаз оқығанның,
Ол дүниеге барғанда ісі мақұл.

Біреуге ерте келеді, біреуге кеш,
Ертелі-кеш өлімнен қалмады һеш.
Өлім қойса, кәрілік жас қоймайды,
Екі айналып келсе де жиырма бес.

Ұқсас жаңалықтар

Әділдікті мойындау — адал кісінің ісі

redaktor_qazyr

Құрманай Бақтиярқызының өмірбаяны

redaktor_qazyr

Абайдың қалдырған өсиеті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz