Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Шапырашты Наурызбай

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудыңбаурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратауаралығындағы қазақ пен қырғызжоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудыңзорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батырболуға құлшындырды. Наурызбай батырдың өмірі тұралы бүгінгі күнгі деректерде Шапырашты Наурызбай,Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бабаларымыз Абылай ханайналасындағы бас батырлар қатарында бағаланады. Бұқар жырауосы үш тұлғаның жанындағы мынадай ірі батырларды атайды:Шақшақұлы Жәнібек, Сіргелі Қара Тілеуке, Қарақалпақ Қылышбек, Текеден шыққан Сатай мен Бөлек, Қаумен, Дәулет, Жәпек, Сеңкібай, Шойбек, Таңсыққожа, Мәмбет, Молдабай, Есенқұл және басқалар. Әдеби-тарихи деректер мен ел есінде сақталған аңыз-әңгімелер Наурызбай батырдың бүкіл халықтың ықыласына бөленіп, мақтанышқа айналуы 1727-1731 жылдардың шамасы екендігіне мензейді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қатарынан бірнеше рет қатты соққы беріп, ақыры үлкен жеңіске жетуі осы уақытқа сәйкес келеді. Алатауетегінде жоңғарлардың Шамалған,Қаскелең, Боралдай секілді атышулы батырлары өлім табатын сұрапыл шайқастарда Наурызбай бабамыз ересен ерлік көрсетеді. Қозыбасыдақалың қол бастап, бас батыр атағына ие болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Шымкенттегі ректорсыз қалған Әуезов университетіне жаңа ректор тағайындалды

redaktor_qazyr

Мақатаев күнделігінен

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz