Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Шашыңыз денсаулығыңыз жайында айтады

Қазірде шашы қиындық тудырмайтын арулар жоқтың қасы. Ұштану, түсу, түсін өзгерту, қайызғақ пайда болуы… Шаш тудыратын қиындықтар көп-ақ. Әрине оларды қазіргі экология, күннің көзі, жаман құбыр суы, түрлі термоқұралдар әсері деп айтса болады. Алайда оған сіздің өмір тәртібіңіз, рационыңыз, стресстер мен аурулар да себеп бола алады.

Ғалымдардың айтуынша, шаштың жағдайына қарап, адамның денсаулығындағы қиындықтарды анықтауға болады-мыс. Әрине сырттан сусабындар, бальзам мен басқа да құралдармен шашты емдеуге болады. Бірақ оның себебін анықтап, ауруларыңызды емдеп, шашқа іштен әсер еткен әлдеқайда дұрыс.

Шаштың көптеп түсуі мен өсуінің баяулауы стресс пен үйдегі, жұмыстағы қиындықтардың белгісі болуы мүмкін. Жүйке жүйеңізге көп көңіл бөліңіз, демалу жаттығуларын жасаңыз, өз эмоцияларыңызға ие болуды үйреніңіз.

Жалпы шаштың жағдайы нашарлағанын байқасаңыз, рационыңызды өзгертіп көріңіз. Сізге В, С, РР дәрумендері, минералдар, магний, мырыш, кальций, темірге бай тағамдар қажет. Темекі, ауыр диеталар, артық дәрілер де шаштың жағдайына әсер етуі мүмкін. Жалпы денсаулыққа зиян заттардан, тағам түрлерінен бас тартсаңыз, шашыңыз да жайнай түседі.

Гормоналды өзгерістер кезінде де шаш қиындықтары болуы мүмкін. Шашыңыздың жағдайы күрт нашарласа, қан құрамындағы қанттың мөлшерін тексеріп, эндокринологқа барып келген жөн.

Тым майлы шаштар зат алмасудағы қиындықтарды көрсетеді. Су ішіңіз, майлы, қуырылған тағамдарды ұмытыңыз. Бұдан былай рационыңыздың басты тағамдары көкөніс пен жемістер болсын.

Қайызғақтан зардап шегетіндерге ас қорыту жүйесін тексерткен дұрыс. Асқазан мен өт аурулары қайызғақтың себебі болуы мүмкін.

Ерте жаста пайда болған ақ шаштар қалқанша безінің дұрыс емес жұмысы нәтижесі бола алады. Сондай-ақ, гормоналды өзгерістерге де байланысты болуы мүмкін. Ұйқы безі мен жүректі бір тексертіп алыңыз. Қышқыл мен тұзды тағамдарды барынша аз жеп, ұйқыңызды қандырып жүріңіз.

Сынғыш, жұқа шаштар иесінің спортпен шұғылданбайтынын көрсетеді. Шаш қажетті оттегі алмай, сыртқы орта әсерінен нашарлайды. Жаттығулар жасап, спортпен шұғылданыңыз.

Бастысы, біріншіден себебін тауып қана, емдеуге кірісіңіз.

Ұқсас жаңалықтар

Киімдегі түйіршікті қалай кетіреміз?

Redaktor Site

Түс пен мінез

Redaktor Site

«Монтайтас қайырымдылық қоры»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz