Qazyr.kz порталы
ӘлемБасты ақпарат

Шавкат Мирзиеев тағы да президент болып сайланды

2037 жылға дейінгі шексіз билік: Шавкат Мирзиеев тағы да президент болып сайланды.

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев президент сайлауында жеңіске жетті. Бұл жөнінде Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамходжаев мәлімдеді.

– Кәсіпкерлер және іскер адамдар қозғалысы мен Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының үміткері Шавкат Миромонұлы Мирзиеев сайлаушылардың ең көп – 87,05 пайыз дауысын жинап, айқын жеңіске жетіп, Өзбекстан Республикасының президенті болып сайланды, – деді Низамходжаев бүгін өткен баспасөз мәслихатында.

Шавкат Мирзиеевтан өзге кандидаттар – Жоғарғы сот төрағасы, «Әділет» социал-демократиялық партиясынан сайлауға түскен Робахон Махмудов 4,43%, Халықтық демократиялық партия көшбасшысы Ұлықбек Иноятов 4,02%, Экологиялық партия жетекшісі Абдушүкір Хамзаев 3,74%  дауыс жинаған.

Дереккөз: Masa media

Ұқсас жаңалықтар

Елімізде ескі көліктерге салынатын салық мөлшері өзгерді

redaktor_qazyr

«Жалған қоңырау»Антикор алаяқтық фактілері туралы ескертті

redaktor_qazyr

Қазақстанда қылмыстық жауапкершілікке тартуды 12 жастан бастап енгізу ұсынылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz