Qazyr.kz порталы
Руханият

Шоқан Уәлиханов

Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келіп, 1865 жылдың сәуір айында Кербұлақ ауданы, Алтынемел жотасының етегінде Көшентоған мекенінде дүниеден өтті.

Мұхаммед – Ханафия – кей ресми құжаттарда ғана жазылатыны болмаса, ол бүкіл ғұмыр кешкен ортасына, заманына Шоқан есімімен танылды, жаһан ғылымының биіктеріне, туған халқының жарқын болашағына ұлы Шоқан болып, Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болып атанды.

Балалық шағы Құсмұрында (әкесі Шыңғыс сұлтан болған кезде), кейін ата қонысы Сырымбет тауының бауырында Көкшетауда өткен. Тегі төре тұқымынан шыққан. Арғы атасы – Абылай хан. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның бел атасы.

1847 жылдың күзінде әкесінің аралас-құралас орыс достарының жәрдемімен Омбыдағы кадет корпусына қабылданды.

Шоқан Уәлиханов 1853 жылы Омбы кадет корпусын бітіріп, «атты әскер корнеті» атағын алған соң Шоқан сібір казак-орыс әскерінің 6-атты әскер полкіне қызметке қабылданды. 1861-1862 жылдары Санкт-Петербург университетінің тарих-филология факультетінде дәріс тыңдаған.

Шоқан 1856ж. М.М.Хоментовский басқарған экспедицияға қосылады. Экспедиция қырғыз елінің географиялық жағдайын зерттеп, Ыстық көл аймағын картаға түсіруге тиіс болды. Ғалым осы сапарында Манасқа назар аударады. Іленің басындағы Манас жорық жасады деген қаланың орнын барып көреді. Кейінірек «Манасты» айтушылардан негізгі нұсқасын жазып алып, «Көкетай ханның асы» деген тарауын алғаш рет орыс тіліне аударады.

Дереккөз: әл-Фараби кітапханасы

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz