Шоколадтың тарихы Латын Америкада жабайы какао бұршақтарынын өсуінен басталады. Шоколадты ең алғаш ольмектер пайдаланған болса керек. Олар Мексикада б.з.б 1 мыңжылдықта өмір сүрген және біріншілері «Kakawa» сөзін қолдана бастаған оны Theobroma какао бұршақтарының жемістері деп атайды.
Кейінірек «Cacao» сөзі біздің заманымызға дейін жетті. Бірақ олардың шоколадты қалай дайындағаны туралы деректер сақталмаған!
Мың жылдан кейін сол аймақты мекендеген майялар шоколадты кеңінен пайдаланған және олар мұны тек ел ішінде ғана жасаған жоқ. Шынында да шоколад тарихы осы кезден басталады. Шамамен б.з. 250-900 жылдары Майя тайпалары какао бұршақтарын валюта ретінде де кеңінен қолданған. Оларға өте ұқыпты қараған өйткені ол какао бұршақтары олар үшін өте қасиетті саналды. Мысалға бар болғаны 10 какао бұршағына қоян сатып алуға болады екен ал 100 бұршақ үшін сол кезде өзіңе сенімді «көмекші» алуға болатын. Какао бұршақтары XIX ғасырға дейін Латын Америкада ақша валютасы болды.
Какао бұршақтары тіпті қолдан жасалған жағдайлар да болды. Шебер — ұсталар оларды балшықтан ойып жасаған.
Майялар барлық қасиетті рәсімдерде шоколадты пайдаланды. Олардың тіпті өздерінің какао құдайы болған. Бірақ ең қызығы қалыңдық пен күйеу жігіт неке қию рәсімінде шоколадпен алмасқан.
Бір қызығы шоколад тарихында 1850 жылдарға дейін қатты шоколад туралы еш жерде кездеспейді.
Майялар какао бұршақтарын ұнтақтау арқылы алып шоколад ұнтағын өздерінің салт-дәстүрлері үшін тек ішу үшін пайдаланған. Алдымен олар какао бұршақтарын жинап содан кейін оларды ашытып күн астында кептірдi содан кейін қабығынан (велла) ашып пастаға айналдырған. Бүгінде оны какао массасы деп атайды.
Паста ыстық сумен араластырылып чили ваниль аннатто хош иісті бұрыш бал өсімдік гүлдері сияқты дәмдеуіштер қосылды. Осыдан кейін қоспаны 2 ыдысқа құйып көбіктендірді. Майя тайпалары какаоның көбігi ерекше дәмін беретінін білгендіктен оны тамақ дайындаудағы ең маңызды бөлік деп санаған.
Олар сондай-ақ Оңтүстік Америкада әлі де танымал макаронды жүгері ұнымен араластырып ботқа жасайды.
Ыстық дайын шоколадты ішу бұл тұтас рәсім өйткені шоколадты сусынды көп мөлшерде ішу тек бай Майяның шамасы ғана жететін. Ал императорлар тіпті шоколад толтырылған ыдыстармен бiрге жерленген. Сондықтан ацтектер майяларды жаулап алғанда олар барлық шоколад дәстүрлерін сақтап қалды.
Ацтектер какао бұршағын жоғары бағалап оны валюта ретінде пайдалануды жалғастырды. Бірақ какао ағаштары Ацтек астанасы Теночтитланда өспейтіндiктен (бүгін бұл Мехико қаласы) олар оны басқа жерлерден әкелуге мәжбүр болған бұл қосымша салықтар мен алымдарды енгізуге әкелді.
Ацтектер майялар сияқты какао дайындағанды ұнататын бірақ оларға суық күйінде iшкен ұнайды.
Бұл біздің планетамызда күні бүгінге дейін сақталған дәстүр!
Орыс тілінен қазақ тіліне аударған: Қуаныш Нұрпейсов (тарихшы)