Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Шыда

Сурет:Ашық дереккөзден

Шыда

Күлейін бе???
Жоқ,мүмкін жылайын ба?!
Әлде жаба салам ба,Құдайыма.
Не десек те,жалғанның тағдырында,
Беріп,алып пендені сынайды,ә!

Жанарыңнан сорғалап сор бұлағы,
Әділдіктен тайғанды қор қылады.
Дәрежесін түсіріп өзі берген,
Әр қадамын құлайтын ор қылады.

Ұмытқанның шіреніп шықса дөңге,
Құлағанын көрдік қой сен де,мен де.
Тағдыр деген арпалысқан ақ пен қара,
Жеңіле сап бойсынып мәңгі көнбе?!

Жарасса да сыртынан сұмға күнә,
Сүрінгенде салынба мұңға жүдә…
Қиындықтың артында жақсылық бар,
Жүрегіңді жәйменен тыңда,шыда!!!

Жылайын ба?
Жоқ,әлде күлейін бе?
Кінә артып өмірді сүрейін бе???
Ит үрді деп балаққа жабысатын,
Жауап қатып ит болып үрейін бе?!

Авторы: Біржан Досжан(  ақын)

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының ұлына қалдырған өсиеті

redaktor_qazyr

Өлең: Бөтен елде бар болса

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайұлы

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz