Шымкентте 18 жасар қыз жоғалып кетті
5 тамызда, Әл-Фараби аудандық Полиция бөліміне жоғалған қыз туралы хабарлама келіп түскен.
Ағасының айтуынша, 2004 жылы туған Аида Әбілда 4 тамыз күні сағат 16:30 шамасында үйден шығып, қайта оралмаған.
Қыздың жүрген жерін анықтау үшін Шымкент қалалық Полиция Департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды.
Аида Долана-Бұлақ колледжінің 1 курс студенті.Бойы 160-165 см, орта денелі, шашы қара, көздері қысыңқы келген, мойын аймағында ісігі бар.
«Жоғалған қыздың қайда екені туралы ақпарат білетіндер болса, 102 телефоны арқылы полицияға хабарласуды сұраймыз»,-деді Шымкент қалалық ПД хабарламассында.