Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте балаларына ит-мысықтын етін жегіздіріп,боқ-сідік ішкіздірген өгей әке, танымал бақсы-тәуіп болып шықты

Шымкентте балаларына ит-мысықтын етін жегіздіріп,боқ-сідік ішкіздірген өгей әке,елге танымал бақсы-тәуіп болып шықты.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі анықтады.Видеоны көру үшін үстінен басыңыз!

Өгей әкесі асыранды 6 баланы ұзақ уақыттан бері қорлап келген. Емшілікпен айналысатын әкесі балаларды жуындырмай, аштықта ұстаған. Ит пен мысықтың етімен тамақтандырып,нәжіс пен зәрін ішкізген.Анықталғандай балаларға қорлық көрсеткен,бақсы-тәуіп,жауыз әкенің есімі Ұ есімімен танылған бақсы-емші сымақ екен.

Шымкент қаласы бойынша балалардың құқығын қорғау уәкілі Жанетта Жазықбаева айтқандай балалар аш болған.

«Сарайларына кірдік. Газ балллонында 3 мысық байлаулы тұр екен. Бала бұл мысықты шетінен сойып, бізге тамақ береді деді. Мүлдем шомылмаған, денелерін қасыған. Түнде балаларды қасынбасын деп байлап қояды екен», — дейді ол.

Артынша,балаларды комиссия алып кеткен күні емші сымақ Жаннета Жазықбаеваға хабарласып, мәселені екеу ара шешпек болыпты.

«Менің телефон нөмірімді кімнен алғанын білмеймін, бәлкім сол полицейлер берген шығар. Тыным болмаған соң нөмірін бұғаттап тастадым», – деді ол.

Деректер фото-видеоға түсіріліп, іс құзырлы органдарға өткен.

«Материалдарды тапсырдық. Бір аптадай уақыт өтті, полиция тым-тырыс. Кейін Қылмыстық кодекстің 140-бабымен (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) іс қозғады. Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға хабарласып, барлық мән-жайды айтып отырдым. Ол кісі Бас прокуратура, ІІМ-мен байланысқа шығып, Қылмыстық кодекстің 110-бабымен (азаптау) іс қозғалды. Кім біледі, әйтпесе созылып жүре берер ме еді?.. Ер кісі екі айға қамауға алынды. Наурыз, сәуірде қамауда болыпты. Естіп жатырмын, мамыр айында шығып, Алматыдағы психдиспансерге жатыпты. Ауытқуы бар деген диагнозды қалпына келтірмекші шығар. Шынымен ауытқуы бар ма, жоқ па? Егер болса, бала асырап алуға кім рұқсат берді? Оған тиісті органдар өздері жауап берсін. Бірақ полиция жауап алу кезінде оның інісі ол 10 жыл бұрын адам емдеп отырып, бір әйелді өлтіріп алғанын айтты. Сол кезде психологиялық ауытқуы бар деген анықтамамен жазадан құтылған екен», – дейді Жаннета Жазықбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында насыбай өндіретін шағын цех анықталды

redaktor_qazyr

Ресей Украинаның ядролық нысандарын көздеп отыр

redaktor_qazyr

Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынып жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz