Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шымкентте көліктерге ұрлыққа түскен 21 жастағы жігіт ұсталды

21 жастағы Түркістан обылысының тұрғыны автокөліктерден ұрлық жасаудың төрт жайтына қатысы бар екені анықталды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

21 жастағы жігіт көліктердің терезесін сындырып, ондағы заттарды жымқырған.
Осылайша қаскөй көпқабатты үйлердің ауласында және қоғамдық тамақтану орнының алдында тұрған иномаркаларға ұрлыққа түскен. Оның жемтігі ішінде қолма-қол ақша бар сөмкелер мен әмияндар болған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 мың теңгеге жуық.Күдіктіні ізін суытпай Әл-Фараби ауданы полиция басқармасының жедел уәкілдері бейнебақылау камераларының көмегімен ұстады.

Ол бұрын соңды ұрлық жасағаны үшін сотты болған.Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.Тәртіп сақшылары автокөлікке заңсыз кiрумен жасалған ұрлықтың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады. Көлік құралының салонында бағалы заттарды мейлінше қалдырмауға тырысыңыз; көлік есіктерінің жақсы жабылғанын үнемі тексеріп, сенімді дабыл жүйесін орнатыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ҚАРАБАҚ ЖЫЛҚЫСЫ «ҰЛЫ ДАЛА ЖОРЫҒЫ» МАРАФОН-БӘЙГЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

redaktor_qazyr

Жетісуда «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» этнокөрмесі өтті

admin_qazyr

Астанада халықаралық ат спорты жарысы өз мәресіне жетті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz