Qazyr.kz порталы
Қазір

Шымкентте полицейлер жас келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын қамауға алды

Шымкентте полицейлер жас келіншекті өлтірді деген күдікпен Түркістан облысының тұрғынын қамауға алды, – деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

 

Әл-Фараби АПБ-ның “102” арнасына жалға алынған пәтерлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері, криминалистер, тергеушілер мен жедел уәкілдерден құралған Шымкент қаласы ПД-ның жедел-тергеу тобы шықты. Аудан прокурорлары да келді. Кезекші сарапшы жәбірленушінің механикалық асфиксия салдарынан қайтыс болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Пәтер иесі танысының айтуымен полицейлер жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол Шымкентке жұмыс іздеп келген 28 жастағы әйел болып шықты. Жасалған қылмыстың ауырлығын ескере отырып, тергеушілер мен жедел уәкілдер дереу күдіктіні іздеуге және оны ұстауға кірісті. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу кезінде кісі өлтіруге қатысы бар жас жігіт жедел уәкілдердің көзіне түсті. Ол 29 жастағы Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Осы азаматтың деректерімен бірден барлық бөлімшелерге бағдарлар жіберілді. Нәтижесінде Шымкент қаласының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні Жетісай ауданында тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Күдікті қамауға алынды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Тергеушілер жасалған қылмыстың себебін анықтап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда мерзімі ұзақ сақталатын жұмыртқа өндіретін алғашқы зауыт салынады

redaktor_qazyr

Мотоциклмен жылқы айдаған Қаражал қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды

redaktor_qazyr

Белгілі композитор,ақын Құрманай Бақтиярқызы дүниеден өтті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz