ҚР ТЖМ тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ықтимал биологиялық қауіпті нысан саналатын “М. Айқымбаев атындағы Шымкент Обаға қарсы стансасы” базасында оқу-жаттығу өткізді.Бұл туралы Qazyr.kz Шымкент қалалық ТЖД Баспасөзіне сілтеп хабарлайды.
Оқу-жаттығу мақсаты ықтимал қауіпті биологиялық объектілерде орын алуы мүмкін өрттерді сөндіру және персоналдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау іс-шараларын жетілдіруге бағытталған.
Аталған оқу-жаттығуға Азаматтық қорғаныс басқармасы, ӨСжАҚЖҚ РММ, Жедел құтқару жасағы РММ, Апаттар медицинасы орталығымен бірқатарда Шымкент қ. және Түркістан облысының Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының 1 Полиция батальонынан күш құралдар тартылды.
Жалпы саны 40 жеке құраммен 8 арнайы мақсаттағы техникалар қатысқан оқу-жаттығу қорытындысы бойынша нысан қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.