«Шымкент қаласында түнгі 01:14 шамасында «Старый город» көшесінде орналасқан құрылыс заттар сататын дүкендерден өрт шықты»,-бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі хабарлайды.
Өрттен зардап шекендер мен қаза тапқандар жоқ.
«17 қаңтар күні сағат 01.14-те Әйтеке би №1/3 мекенжайында 1300 шаршы метр алаңда дүкендер мен оларға салынған «ЕВРОЛЮКС», «Гармония», «Медина», «Марварит» және «Әйгерім» қойма үй-жайлары жанып кетті. Өрт салдарынан 130 шаршы метр аумақта «Медина» және «Евролюкс» дүкендерінің шатыр үй-жайлары жартылай құлады», – деп түсіндірді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт түнгі сағат 03:07 минутта оқшауланып, сағат 04:51 минутта толығымен сөндірілді. Жалпы көлемі 2 500 шаршы метрді қамтитын ғимараттың 1 300 шаршы метрі өртенді.