Qazyr.kz
БілімМәдениет

Сібірдегі керей мемлекеті

Соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер мен ғылыми — көпшілік шығармаларда Қазақ хандығының тарихы бiр жақты көрсетілiп жүр. Әсiресе газет — журнал беттерінде жарияланған мақалаларда қазақ хандарымен соғысқандар халқымыздың бiтiспес жауы ретінде айтылады. Солардың бiрi — Сiбiр хандығы.
Ғасырлар бойы Қазақ хандығының теріскей жағында жатқан қазақ тайпалары Сiбiр хандығының құрамында болғаны баршаға аян. Бүгінде Ноғай ордасы мен Сiбiр хандығын Ресей ғалымдары өз жағына тартуда.

Сiбiр хандығының негізін қалаған керей жұрты деректерге қарағанда Сiбiр жеріне XIII ғасырдың басында сонау Моңғолия жерiнен ауып келген сияқты. Сiбiр түркілерінң тарихына негізделіп «Тобольские губернские ведомости» газет мақала жазған Абрамов Н. деген зерттеуші Сiбiр керейлерiн Уаң ханның ұрпағы ретінде көрсетеді. Iбiр — Сiбiр ұлысының негізін қалаған — жоғарыда айтылған ханның немересі Тайбұға екендігіне дәлел жетерлік.

Сiбiр жылнамаларында келтірілген аңызда былай делінген: Шыңғыс хан Есілді билеген Уаң ханның ұлы Ертишак әскерін талқандаған. «Сын убитого хана а по другим сведениям внук Тайбуга был спасен от смерти преденностью прежнего слуги своего Мурад — бия воспитателя своего. Впоследствии узнав о существовании Тайбуги Чингисхан послал его воевать с угорскими племенами. Тайбуга совершил на этой войне ряд славных подвигов. В благодарность за военные заслуги Тайбуги Чингисхан вернул ему свободу и Тайбуга несколькими земляками построил себе город который назвал Яшыл».

Г. Миллер Тайбұға туралы үш бiрдей аңызды келтіреді. Соның алғашқысында былай делінеді: «Правивший на Ишиме (Есiл) ногайский хан Он хан был свергнут своим подданым Чингисханом а его сын Тайбуга долго скитался пока Чингисхан не призвал его к себе выделил ему войска и направил против живших по Оби племен. После успешных военных действий Тайбуга получил от Чингисхана право завести собственный двор основать личный улус центром которого стал город на Туре названный в честь сюзерена Чингисханом».

Ремезовтың жылнамаларында аңыз мүлдем басқаша өрбиді. «Есiл бойын басында Он хан басқарса содан соң таққа Түмен ханы Ертишак атанған Шыңғыс ханнан ойсырай жеңілген ұлы отырады». Г. Миллер еңбектерінде келтірілген үшінші бiр аңызда: «Тайбұғаның ұлы Мамық Қазақ хандығының ханзадасы ретінде айтылады. Ол Шыңғыс ханның қол астына өткеннен соң Ертiс Есiл Тобыл мен Тура өзендері аңғарын одан билiк құруға өтiнiш бiлдiрген».

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Бай адамдардың қағидасы

Redaktor Site

Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты