Силла патшалығы (б.з.д. 57 жыл — б.з. 935 жыл). Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасты. Бұл мемлекет сол кездегі үш патшалықтың ішіндегі ең әлсізі және дамымағаны болып саналды. Алайда Силланың Қытайдан айтарлықтай шалғай орнласу себебінен мұнда қытайдың ықпалы да әлсіз болды. Сондықтан мемлекет басқа идеялар мен тәжірибелерді игеруге ашық болды. Елдің ішкі құрылымы будда дінінің негізінде ұйымдастырылды және сословиялық бөліністі қабылдамады. Мұндай жүйеде орталық билік хваран ақсүйек жауынгер ұйымына тиесілі болатын.
6 ғасырдың ортасына қарай Силла мемлекетін Кая конфедерациясына кірген барлық қалаларды өз құрамына қосып алды. 668 жылы Силла патшалығы Қытайдың Тан династиясымен одақтастық туралы келісімге келіп, Корей түбегін толықтай өз бақылауына алды. 8 ғасырда Силла патшалығының билігі өз шарықтау шегіне жетті. Силла будда дінінің құндылықтарына негізделген мемлекет құруды ойлады. Алайда ел басшылары байлыққа кенелген сайын Буддалық құндылықтар да әлсірей бастады.
676 жылы Силла Қытайдың Тан әулиетінің Когурё мен Пэкче патшалықтарын жаулап алу жоспарына тойтарыс берді. Бұдан кейін Пэкче патшалығынан шыққан тайпалар Пархэ мемлекетін құрды.