Пайдалы кеңестер

Сиыр етін қалай мүшелейтінін білесіз бе?

Фото: freepik.com

Сиыр жарты етін мүшелеу келесі операциялар арқылы жүзеге асады: бөліктерге бөлу, сүйектен етті сылып алу, етті сіңірінен ажырату жəне тазалау. Бөліктерге бөлу, сүйектен етті сылып алу – еттің қуыруға, қайнатуға, бұқтыруға, етті шабуды дайындауға жəне т.б. негізделген ет бөліктеріналу.
Сүйектенеттісылыпалу—бұлсүйектенеттіңжұмсағынбөліпалу. Операцияны сүйекте ет қалмайтындай етіп жасайды. Алынған тілімдерде терең тіліктер болмауы қажет.
Етті сіңірінен ажырату жəне тазалау — бұл шеміршектерден, сіңірлерден, қатқыл қабыршақтардан тазарту. Тазалау кезінде артық майларды тазалайды, алынған ет тіліктерін тегістейді.
Сиыр жарты етін келесі бөліктерге бөледі: жауырын, мойын тұсы, төс еті, арқа-қабырға бөлігі (алдыңғы ширегі), жамбас, ұршық буыны жəне бел буыны (артқы ширек).
Бірінші жарты етті екі ширекке бөледі: алдыңғы жəне артқы. Бөлу сызығы соңғы қабырға мен 13-ші жəне 14 –ші омыртқалар арасынан өтеді. Бұл жағдайда қабырға алдыңғы бөлікте қалады.
Алдыңғы ширекті бөліктерге бөлу. Оны бөлу кезінде келесі бөліктерді алады: жауырын, мойын бөлігі, төс еті, арқақабырға бөлігі.
Жауырын бөлігін оның сұлбасы бойынша бөледі. Ол үшін жауырын бөлігі мен төсін біріктіріп тұрған бұлшықеттерді кеседі, білек дөңесінен жауырын бөлігінің артқы жағының жоғары бұрышына дейінгі сызық бойында орналасқан бұлшықеттерді тіледі жəне жауырынның жоғары-алдыңғы шетінде жатқан бұлшықеттерді тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Үй шаруасына арналған химикаттардың орнына нені қолдануға болады

redaktor_qazyr

Иттің иіс сезгіш болуы неде?

redaktor_qazyr

Допингтің ағзаға зияны қандай?

Redaktor Site

Пікір жазу