Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Спандияр Көбеев әңгімесі

Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді. Бала сорпаны татып қарады да:
«Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Шешесі: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп беремін», – деді.
Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы әкесіне көмектесіп, шөптің төбесіне шықты. Кешке шаршап үйіне келді. Анасы кешкі тамаққа түстен қалған сорпаны, нанды дастарқанның үстіне қойды. Баласы сорпаны татып байқады да:
– Түстегі сорпадан мына сорпа дәмді,– деді.
– Бұл түстегі сорпаның қалғаны. Саған бұл сорпаның дәмді болғаны – сен түстен кейін жұмыс жасадың. Қатты шаршадың. Таңертең ешбір жұмыссыз үйде отырған соң саған ас дәмсіз көрінді, – деді анасы.

Ұқсас жаңалықтар

Сібірдегі керей мемлекеті

Redaktor Site

Шерхан Мұртаза

Redaktor Site

Мұңсыз Чебуро

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz