STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды,деп хабарлайды Qazyr.kz.
- Қазақстандағы STADA компаниясы алғаш рет Top Employer 2025 атағына ие болып, өзінің әлемдік деңгейдегі жұмыспен қамтушы ұйым екендігін дәлелдеді. Бұл құрметті атақты әлем бойынша ең үздік HR-тәжірибелерді енгізіп, пайдалана білгені үшін компанияларға Top Employers Institute тәуелсіз ұйымы тағайындайды.
- Қызметкерлердің дамуы мен компания жұмысына белсене қатысу ынтасын арттыра білгені үшін компанияның өсу мәдениеті ерекше аталып өтілді. Компаниядағы ұйымдастыру өзгерістерін басқару, тұрақты түрде даму мен қызметкерлердің әл-ауқатын жақсарту салаларындағы алдыңғы лекті жетістіктер де жоғары бағаға ие болды.
- Симона Бергер, STADA қызметкерлері бөлімінің жаһандық директоры: «Сертификаттау барысында айқындалған бөлімшелеріміздің жоғары жетістіктері жұмыс үшін айрықша шарттарды ұсынуға деген ниетіміздің бірден-бір дәлелі».
Алматы – 2025 жылдың 16 қаңтары – Қазақстандағы STADA компаниясының ең танымал жұмыспен қамтушы ретіндегі дәрежесі аса беделді Top Employers Institute ұйымы тарапынан тағайындалған Top Employer 2025 атағымен дәлелденді.
Қазақстан мемлекетінен басқа, STADA компаниясы өзінің бірегей корпоративтік мәдениеті мен қызметкерлеріне деген айрықша қарым-қатынасы үшін әлемнің өзге елдерінде де мойындалып, компаниялар тобына Top Employer Europe 2025 атағы табысталды.