Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі оқушылар емтихандар мен сынақтардан босатылды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеп хабарлайды.
Атап айтсақ, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.
«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде», — деді спикер.