Өмірден талай пенде өтер,
Сен де, мен де, ол да өтер.
Бұл жалған қамшы сабындай,
Сыйласа алмасаң сол бекер.
Көңілін достың жығарсың,
Туыстың ісін сынарсың.
Қадірін білмей жүргенде,
Қабірін қазып жыларсың!
Көнбейді уақыт ыңғайға,
Келмейді қайтып жыл айда.
Жанталасқанша жан-жақпен,
Жан тапсыратын күнді ойла
Бақида барлық бабамыз,
Біздерде сонда барамыз.
Суық қара жер алғанша…
Суымасыншы арамыз!
Сыйласып өмір сүрейік,
Уақытша ғана адамбыз!