Qazyr.kz
Мәдениет

Талғат Теменов

Талғат Теменов — 1954 жылы туған. Кинорежиссер, кинодраматург, Казақстанньң халық әртісі, Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының иегері. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясының театр бөлімін, Мәскеудегі бұрынғы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы жоғары режиссерлер мен сценарийшілер курсын бітірген. Талдықорған облыстық драма театры труппасының актері, «Қазақфильм» студиясында режиссердің көмекшісі әрі сценарийші, кинорежиссері, қоюшы кинорежиссері, «Мосфильм» студиясының кинорежиссері қызметтерін атқарған. 1994-2000 жылдары — Алматы мемлекеттік театр және кино институтының (Қазақ ұлттық өнер академиясы) ректоры. 2000-2004 жылдары — «Қазақфильм» кинокомпаниясының көркемдік жетекшісі. 2004 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрының директоры. Алғаш қойған «Адамдар арасындағы бөлтірік» атты толық метражды көркем фильмі Майндағы Франкфурт қаласында өткен 15-Халыкаралық кинофестивальдың Гран-при, Италияда «Күміс аю» жүлдесіне және Португалияда өткен Халықаралық кинофестивалінің арнайы жүлдесіне ие болды.

Дереккөз: Алтын қор

Ұқсас жаңалықтар

Күн сайын өміріңізді әлсін-әлсін жақсартып отырсаңыз

redaktor_qazyr

Қайырбек Шағыр — Ауыл суреттері

Redaktor Site

Мұқағали Мақатаев

Redaktor Site

Пікір жазу