Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Тамақ ісігін(ангина) қалай кетіреді?

Баспасы бар адам сәл суық су ішсе болғаны, келесі күні тамағы жұтындырмай, ауырып шыға келеді. Баспаны емдеу үшін сізге қарапайым йод керек. Сосын шанышқының сабына зарарсыздандырылған мақтаны (оның үстінен жіппен орау қажет) орайды. Мақтаны йодқа батырып, онымен бадамша бездерін (гланда) бір рет басады. Осыдан кейін баспамен ауырмайтын болады.

Баспамен ауырған адам салқынға шықпай, жылы үйде жатады, сұйық та-мақты көбірек ішеді. Та-маққа, мойынға компресс жасайды. Ауызды әлсін-әлсін ас содасы ерітіндісімен, не бір стақан суға бір шай қасықтай қосылған бор қышқылы қоспасымен шаяды. Бас ауру, дене қызуы күшейсе дәрі ішеді.

Көктемде грек жаңғағының жас тамырын қазып алып, жуып, көлеңкеде кептіріп, ұнтақтайды. Сол ұнтақтың 100 грамын 600 грамм суға салып, 15-20 минут баяу отта қайнатады. 40 минут сал-қындатып аш қарынға таңертең және жатар алдында тамақты шаяды.

2 дана алмұртты 300 г сүтке салып, 30 минут баяу отта қайнатып ішсе де ем болады.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық қордан балаңызға түскен ақшаны қалай тексереді?

redaktor_qazyr

Телефон суға түсіп кетсе

redaktor_qazyr

Баланың бас өлшемі қалыпты жағдайда қандай болу керек?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz