Qazyr.kz порталы
БілімПайдалы кеңестер

Таңғы ұйқыдан ояна алмайтындарға кеңес

Таңғы ұйқы деген, шіркін, тәтті ғой: жылы көрпеніңастында ұйқымыздан ояна алмай, көзімізді тырнап әрең ашамыз. Амалсыз тұрған соң, «Тезірек кеш батса екен» деп, ұйқыны ойлап кеш батыратынымыз да өтірік емес. Сонда да, таңды көтеріңкі көңіл-күймен атыру керек екенін біле тұра, алтын уақытымызды ұйқыға ұрлатып жүреміз. Бүгін сіздерге осы «дерттен» құтылудың амалын ұсынғалы отырмыз. Жеке тәжірибеңізде қолданып, әдетке айналдырсаңыз, уақытыңыз үнемді, жұмысыңыз табысты болмақ.
💤💤💤💤
1. «Тағы бір бес минут ұйықтай тұрайын» дегенді шетке ысырыңыз. Оятқыш шыр еткенде-ақ, бірден оянуға дағдыланыңыз. Өйткені, сіздің ішкі ойыңыз «ұйықта» десе де, денеңіз бен ағзаңыз сергектікті қалап жатады.Сондықтан, ширақ болыңыз.
💪💪💪
2. Таңғы жаттығу – бұл мәселені шешу жолындағы ең бір көмекші серігіңіз. Әрине, бастапқыда бұл қиынға соғуы мүмкін. Бірақ әр күн сайын таңертең ертемен тұрып, жаттығуды әдетке айналдырсаңыз, оңтайлы нәтижеге жеткізеріңіз хақ. Дегенмен қатты күш түсіретін жаттығуларды таңдамағаныңыз жөн болар, жеңілден күрделіге қарай ауыстырғаныңыз дұрыс. Мәселен, жүгіру, бас, қол, аяқ жаттығулары, секіргішпен секіру, т.б.
🌅🌅🌅
3. Терезені ашып қойыңыз (жазды күндері). Немесе терезелерді ашып ұйықтаңыз. Күлімдеп атқан күннің шуағы мен саф таза ауа сізге табиғи күш-қуат береді. Және де кереуетті күн түсетін бағытқа қойсаңыз, тағы бір табиғи оятқышыңыз пайда болады. Яғни, күн сәулесі сізге тыным бермей, ұйқыдан өзі-ақ оятып алады.
🌉🌉🌉
4. Демалыс күні өзіңіздің ұйқы кестесін құрыңыз. Күн тәртібін орындауда ұйқының басты фактор екені белгілі. Бұл қағиданы біле отырып, демалыс күндері ұйқыға өте кеш жатамыз. Сондықтан, сол күндері өзіңізге ыңғайлап, белгілі бір уақыт аралығын ұйқыға арнаңыз. Бірақ есіңізде болсын: ешқашан артық ұйқыға жол бермеңіз.
🌇🌇🌇
5. Ұйқыдан тұра салып, 3–5 рет терең тыныстаңыз. Ағзаңыз көмірқышқыл газымен қоректеніп, денеңізге «Оян!» деген ақпарат тарайды.
✨✨✨
6. Аяғыңызды кереуеттен түсіріп қойыңыз. Бұл – ұйқыдан сергектікке өтудің тиімді жолдарының бірі.
⏰🎼🎶
7. Оятқыштың әуенін өзгертіңіз. Әдетте, оятқышқа сезімтал әуендерді қойып жатамыз. Бірақ бұл ұйқыдан оянуға септігін тигізбейді. Сондықтан, арайлап атқан таңды күліп қарсы алатындай әсер беретін тамаша әуендер сізді ұйқы әлемінен алып шығатынын бірден-бір көмекші.
☀☀☀
8. Душ қабылдаңыз. Мына қағиданы басты назарда ұстаныңыз: суыңызды кейде суық, кейде ыстыққа алмастырып отырыңыз. Сергектікке берер әсері мол.
✅✅✅
9. Таңғы жұмыстарыңызды кешке әзірлеп қойыңыз. Таңертең жастықтан бас көтере алмай жататыныңызды білсеңіз, кешке алдын ала жұмыстарыңызды бітіріп қойыңыз. Мысалы, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шығарып, сөмкеңіз бен құжаттарыңызды реттеп, ертеңгі күнге дайын болыңыз.
😊😊😊
10. Ең бастысы, әр күннен жақсылық күтіп ояныңыз. Әр күнді «Бүгін күнім сәтті өтеді!» деген позитивті көңілмен, жайдары жүзбен қарсы алыңыз. Мысалы, бүгін достарыммен кездесемін, сыйлық жасаймын деген сияқты игі істер жайлы ойлаңыз.
⏰😊✅

Ұқсас жаңалықтар

Халық саны қанша?

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz