Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

Таным

QAZYR.KZ: Түгендеумен келем тірлік жоқтарын,
Білмен және бақыттың да жоқ,барын.
Жәдігөйдің кебін киіп жүрмін бе,
Кіммін бүгін?Жауабың да жоқ таным.

Кімге сенем,неге сенем беймәлім,
Өз-өзіме келмей жатар кейде әлім.
Не жайында жазып жүрмін,қойшы оны,
Заман жайлы мәлімет бер,ей,таным.

Дос,дұшпан кім?Кімді жақын тартайын,
Кім тыңдайды жүрегімнің айқайын.
Тегін танып жарытпаған сол,байғұс,
Елін танып жарытарма,әй,таным…

Іске аспай жатар кейде ойдағым,
Сезіміме күмән салар сойқаның.
Өзіме де шүбәлана қараймын,
Сезік дәнін екпе бойға,қой,таным.

Мың сан бағыт адасқан көп,айтарым,
Адалдық пен адамдықты қайтарың…
Ұлы көшті адастыру-қиянат,
Қиянатқа қызмет қылар қай таным?…

Адамзаттың ақыл,ойы ал таным,
Санаға ауыр салмақ түскен байқадым.
Жүйкелердің жұқарғаны соншалық,
Сабыр,төзім қайда,бар ма,айтарың?!….

Бейшараның күйін кешкен байтағым,
Байтағымның өр рухын қайтарың.
Саясаттың сиқырына арбалып,
Ар-намыстан ада болған бай таным.

Арды ойламай ақша қуды байларың,
Азаматтар бола алмай жүр айбарың.
Жаhандану-бәсекенің заманы,
Жойылмаудың жолын көрсет,әй,таным…

Сақта салт,пен дәстүріңді,танымды,
Рухани жаңғырт жалау жаныңды.
Еркін ел боп қалам десең мәңгілік,
Алаш үшін арнау керек барыңды.

Болашаққа ой жүгіртсем таңдайын,
Санама нұр төк сен соны аңсайын.
Сенің ғана құзырыңды құп алам,
Түйсік-патша тағында сен-патшайым.

Пендеміз ғой күпірлікке тым жақын,
Ақылменен басқармайтын тіл-жағын.
Айдай әлем саған сеніп қарайды,
Адастырмай жолды бастап жүр таным…
Ахмет Құдабаев
Маңғыстау.

Ұқсас жаңалықтар

Жарақат алғанда не істеу керек?

Redaktor Site

Көлікті басып озғандар айыппұлмен шектелмейді

redaktor_qazyr

19 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz